01 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы  №32

275 рет
көрсетілді
41 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 22 қаңтар, Астана қаласы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы: 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С. Мұхтаровқа жүктелсін. 4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі И. ТАСМАҒАМБЕТОВ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары 1. Негізгі ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылған: 1) аралық аттестаттау (емтихан сессиясы) – білім алушылардың академиялық кезеңдегі оқу пәндерінің бір бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім; 2) әскери оқу орындары – ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары; 3) білім алушының жеке рейтингісі – білім алушылардың аралық аттестаттау нәтижелері бойынша құрылатын академиялық кезеңдегі пәндерді меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші; 4) емтихан (қорытынды бақылау) – аралық аттестаттау кезеңінде оқу пәнін немесе оның бір бөлігін оқыту аяқталғанда жүргізілетін білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау нысаны; 5) жұмыстық оқу бағдарламасы – пәннің сипаттамасын, зерделеу мақсаты мен міндеттерін, тақырыптар мен олардың қысқаша мазмұнын, өздік жұмысы тапсырмаларын, бағалау өлшемшарттарын, негізгі және қосымша әдебиет тізімін қамтитын пәннің оқу бағдарламасы; 6) жұмыстық оқу жоспары – үлгілік оқу жоспары негізінде әзірленетін және міндетті және ЖОО құрамдастары оқу пәндерінің тізбесі, кредиттерде олардың еңбек қажеттілігі, зерделеу жүйелілігі, бақылау нысандары айқындайтын білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары; 7) ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті (бұдан әрі – БҒД) – әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшесі; 8) ҚР ҚМ жоғары әскери оқу орындары (бұдан әрі – ЖӘОО) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары; 9) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы (бұдан әрі – Кадет корпусы) – техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ҚР ҚМ ведомстволық бағынысты білім беру ұйымы; 10) қорғау – білім алушылардың зертханалық жұмыстарын, есептеу-графикалық тапсырмаларын, курстық жұмыстарын (жобаларын), дипломдық жұмыстарын (жобаларын), магистрлік диссертацияларын (жобаларын), докторлық диссертацияларын, барлық практикалар мен тағылымдамалар түрлерін орындауын бақылау нысаны; 11) қорытынды аттестаттау – білім алушылардың тиісті мамандықтың білім беру бағдарламасын меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім; 12) межелік бақылау – бір оқу пәнінің бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау; 13) оқу үлгерімінің орташа балы – білім алушының аралық аттестаттау кезеңіндегі шамамен орташа бағасы; 14) оқудағы жетістіктерді балдық-рейтингілік бағалау жүйесі – білім алушылардың рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін білім деңгейін балмен бағалау жүйесі; 15) пререквизиттер – оқылатын пәнді меңгеру үшін қажетті пәндердің тізбесі; 16) тапсырыс беруші – оның мүддесінде маман даярлау жүзеге асырылатын ҚР ҚМ, Бас штабы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) құрылымдық бөлімшесі; 17) транскрипт – кредиттер мен білімді бағалауды көрсете отырып, білім алушылардың тиісті оқу кезеңінде өткен пәндер тізбесін қамтитын құжат; 18) үлгілік оқу жоспары – ЖОО-ларда іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша мамандықтар мен біліктіліктер тізбесі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары негізінде әзірленетін оқу жоспары, онда міндетті құрамдастың оқу пәндерінің, ЖОО құрамдасының ең аз көлемі және оның еңбек қажеттілігінің тізбесі айқындалады; 19) үлгерімді ағымдағы бақылау – оқытушылар өткізетін сабақтарда білім алушылардың білімдерін жүйелі түрде тексеру. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау жүргізу тәртібі 3. Үлгерімді ағымдағы бақылау олардың теориялық және практикалық даярлық деңгейін айқындау мақсатында оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша жүргізіледі және силлабуспен айқындалатын әртүрлі бақылау нысандарымен жүзеге асырылады. 4. Үлгерімді ағымдағы бақылау білім алушылардың оқудағы етістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесі бойынша бағаланады, оны дәстүрлі бағалар межесіне ауыстыру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда жүргізіледі. 5. Ағымдағы бақылдаудың бір түрі межелік бақылау болып табылады, ол бір академиялық кезең ішінде бір пән шеңберінде 2 рет жүргізіледі және силлабуспен айқындалатын әртүрлі бақылау нысандарымен жүзеге асырылады. 6. Ағымдағы және межелік бақылау бағалары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқыту сабақтарын есепке алу журналында көрсетіледі. 7. Пәнді жүргізетін оқытушы үлгерімге ағымдағы бақылауды, межелік бақылауды жүргізеді және білім алушылардың ағымдағы үлгерімі бағасын (бұдан әрі – АҮБ) шығарады. 8. АҮБ кезекті межелік бақылауға дейінгі ағымдағы бақылау бағаларынан (бұдан әрі – АББ) және кезекті межелік бақылау бағаларынан (бұдан әрі – КМБ) құралады. АББ+КМБ = АҮБ 9. Межелік бақылау үшін оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқарма) (бұдан әрі – оқу бөлімі) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағымдағы үлгерім ведомосын ресімдейді. Ағымдағы үлгерім бағасын қою силлабуспен айқындалады, бұл ретте ағымдағы үлгерімді бағалаудағы ағымдағы бақылау бағалары мен межелік бақылау бағаларының арақатынасы 60 %-да 40 % болуға тиіс. 10. АҮБ негізінде оқу бөлімі жіберу рейтингісінің бағасын (бұдан әрі – ЖРБ) шығарады. Ағымдағы үлгерім бағасына бөлінген балдар 50 % -да 50 % арақатынаста бөлінеді. АҮБ1+ АҮБ2 = ЖРБ бұнда: АҮБ – 1-ші межелік бақылау бойынша пәннің бағасы; АҮБ – 2-ші межелік бақылау бойынша пәннің бағасы; 11. ЖРБ және емтихан бағалары (бұдан әрі – ЕБ) негізінде пәнге баға (ПБ) қойылады, ол ең көп дегенде 100 балды құрайды, оның ішінде жіберу рейтингісін бағалауға кемінде 60 балл, ал емтиханды бағалауға 40 балдан астам емес бөлінеді. ЖРБ+ЕБ = ПБ 12. Пәнге 50 балдан төмен жинаған білім алушыға «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. 50балл≤ПБ≤100балл 13. Емтиханға жіберу үшін рейтингі бағасының орташа жиынтық балы 30 балды құрайды. 30балл≤ЖРБ≤60 балл 14. Емтиханнан 20 балдан төмен баға алған білім алушыға пәннің бағасы есептелмейді және оған осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес емтиханды қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. 20 < ЕБ ≤ 40 15. Білім алушылар жаттығуларды (оқ атуларды, жауынгерлік машиналарды жүргізуді) іс жүзінде орындағаны үшін қолданыстағы курстардың (оқ ату, жауынгерлік машиналарды жүргізу) талаптарына сәйкес бағаланады. Бұл ретте дәстүрлі бағаны оқудағы жетістіктерді бағалаудың балдық-рейтингілік жүйесіне ауыстыру осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. 3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушыларды аралық аттестаттауды жүргізу тәртібі 16. Емтихан сессиясы жұмыстық оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі. Емтихан сессиясы қысқы және жазғы болып бөлінеді. Семестрдегі оқу пәнін оқыту аяқталғанда емтихан өткізуге рұқсат беріледі. 17. Әрбір оқу пәні және кейбір қосымша оқыту түрлері үшін бақылау нысаны емтихан болып табылады. Зертханалық, есептеу-графикалық тапсырмалар, курстық жұмыстар (жобалар), кәсіптік практикалар мен тағылымдамалардың барлық түрлері үшін – қорғау. 18. Емтихан сессиясын ұйымдастыру оқу бөліміне жүктеледі. 19. Емтихандар әдістемелік кеңестің шешімі бойынша жазбаша, ауызша, тест, практикалық немесе аралас нысанда өткізіледі. Ауызша нысанда бір күнде екі немесе одан артық емтихан тапсыруға жол берілмейді. Тест нысанында бір күнде екі немесе үш пән бойынша емтихан белгілеуге жол беріледі. 20. Оқу бөлімі өткізу нысанын ескере отырып, емтихандар кестесін факультетпен бірлесіп жасайды, оны әскери оқу орны бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары бекітеді және білім алушылар мен оқытушыларға ЕС басталғанға дейін кешіктірмей екі апта бұрын жеткізіледі. 21. Емтиханды осы пәннен сабақ беретін оқытушы – емтихан қабылдаушы қабылдайды. 22. Зертханалық жұмыстарды, есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) қорғауды емтихан қабылдаушы өткізеді. 23. Емтихан сессиясын дәлелді себептермен (науқастану, іссапарда, демалыста болу, қызметтік қажеттілік және т.б.) тапсыру мүмкін болмағанда әскери оқу орнының бастығы жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат етеді. 24. Емтиханға келген кезде білім алушының өзімен бірге сынақ кітапшасы болуға тиіс. Сынақ кітапшасына білім алушының емтихандар мен қорғау кезінде алған барлық бағалары енгізіледі. Сынақ кітапшасындағы жазбалар көк түсті шарикті қаламмен жазылады. 25. Ауызша немесе жазбаша нысанды емтихан өткізу үшін емихан қабылдаушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес емтихан билеттерін әзірлейді. Емтихан билеттері кафедра (цикл) отырысында талқыланады, оған емтихан қабылдаушы қол қояды және кафедра (цикл) бастығы бекітеді. Емтихан билеттерінде негізгі сұрақтар, негізгі ұғымдар мен оқу пәнінің заңдылықтары көрсетіледі. Әрбір емтихан билеті үш сұрақтан тұрады, оның біреуі практикалық болуы мүмкін. Емтихан сұрақтары қайталанбайды. Емтихан билеттерінің саны топта білім алушылардың санынан 20 %-дан астам болады. 26. Емтиханды тест нысанында өткізу үшін тест сұрақтарынан база жасалады. Әрбір сұрақтың 4 нұсқада жауабы болады, соның біреуі ғана дұрыс болады. База оқу пәнінің әрбір кредитіне кемінде 100 тестілік сұрақтан тұрады. Әрбір дұрыс жауап 1 балға бағаланады. Екі немесе одан астам жауап нұсқасы болған жағдайда балл саналмайды. Емтихан бағасын санау үшін тестілік емтиханнан алған балдар саны (БС) 0,4 коэффициентіне көбейтіледі. Тестілеуге 150 минут бөлінеді. ЕБ= БС*0,4 27. Ауызша емтихан уақытында білім алушылар силлабусқа сәйкес әскери техниканы немесе макет түріндегі олардың шартты бейнесін, модельдерді, тренажерларды, қондырғыларды, стенділерді, дербес компьютерлерді және басқа да аппаратураны, сондай-ақ анықтамалық әдебиет пен оқу құралдарын және т.б. қолдана алады. Емтиханда рұқсат етілмеген қосалқы материалдарды пайдаланған білім алушылар кабинеттен шығарып жіберіледі және оған «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады. 28. Оқу бөлімі емтиханға емтихан қабылдаушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пәнге арналған тіркелген бағалау ведомосын береді. 29. Пәнге арналған бағалау ведомосы оқу тобына немесе білім алушылар взводына бір данада жасалады және оған оқу бөлімінің бастығы қол қояды. 30. Емтихан бағасын қою өлшемшарты силлабуспен айқындалады. 31. Емтихан қабылдаушы әрбір білім алушының пән бойынша бағасын есептейді, оны оқу бөлімі транскриптке енгізеді. Егер оқу пәні бойынша бірнеше емтихан өткізілсе, онда емтихан сессиялары кезеңінде пәнге алынған барлық бағалардың дөңгелектенген орташа мәні транскриптке енгізіледі. 32. ЖӘОО-да емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін оқу үлгерімінің орташа балы негізінде білім алушылардың жеке рейтингісі айқындалады. ЖӘОО-да оқу үлгерімінің орташа балы емтихан сессиясының пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша бағалардың (бұдан әрі – ПБ) кредиттерді (бұдан әрі – К) шығару сомасы мен балдардың сандық баламасы ретінде айқындалады. ҮОБ=(К1*ПБ1+К2*ПБ2+ Кi*ПБj ) / ∑Кi Мұнда: К1 – 1 пән бойынша кредиттер саны; ПБ1 – 1 пәннің бағасы; Кi – i пән бойынша кредиттер саны; ПБj - j пәннің бағасы; Кадет корпусында оқу үлгерімінің орташа балы (бұдан әрі – ҮОБ) емтихан сессиясы бойынша пәндердің жалпы санына пән бойынша бағалардың (бұдан әрі – ПБ) орташа жиынтық мәні ретінде айқындалады. ҮОБ = (ПБ1+ПБ2+ ПБj) /ПС Мұнда: ПБ1– 1 пән бойынша баға; ПБj – jпән бойынша баға; ПС – емтихан сессиясы бойынша пәндер саны; 33. Емтихан нәтижелері білім алушыларға емтихан аяқталғаннан кейін, ал жазбаша нысанда тапсырған кезде келесі күні 18.00-ге дейін жеткізіледі. 34. Оң бағаны жоғарылату мақсатында емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 35. Емтихан мен межелік бақылауды қайта тапсыру емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Білім алушы емтихан қабылдаушы айқындайтын межелік бақылауды қайта тапсырады. Жіберу рейтингісінің бағасы 30 және жоғары балл болған кезде оқу бөлімі қайта тапсырудың жеке кестесін әзірлейді. 36. Емтиханды қайта тапсыру каникулдық демалыс кезеңінде 2 реттен артық емес жүзеге асырылады. Бұл ретте екінші рет қайта тапсыруды әскери оқу орнының бастығы тиісті бейіндегі сәйкес оқытушылар қатарынан құрған құрамы кемінде 3 адамнан тұратын комиссия жүзеге асырады. 37. Магистранттарға (докторанттар) каникулдық демалыс кезеңінде тек бір рет емтиханды қайта тапсыруға әскери оқу орнының бастығы тиісті бейіндегі оқытушылар қатарынан құрған құрамы кемінде 3 адамнан тұратын комиссия жол береді. 38. Емтихан нәтижелерімен келіспеген білім алушылар емтихан сесиясы кезеңінде апелляцияға береді. 39. Емтихан сессиясы кезеңінде әскери оқу орны бастығының бұйрығымен әр пән бойынша тиісті бейіндегі оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссия құрылады. 40. Апелляция нәтижелері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пән үшін баға ведомосына тіркелетін хаттамамен ресімделеді. Хаттама негізінде оқу бөлімі пән үшін қорытынды бағалар ведомосына өзгерістер енгізеді. 41. Жаңа академиялық кезең басында оқу берешегі бар білім алушы оқудан шығарылуға тиіс. 42. Емтихандар нәтижелерін талдау және оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстар емтихан сессиясы аяқталғаннан кейін ЖӘОО факультеті кафедрасының (циклінің) және оқу-әдістемелік кеңесінің, Кадет корпусы педагогикалық кеңесінің отырысына талқылауға шығарылады. 43. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша екі апта мерзімде әскери оқу орны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетіне (бұдан әрі – Ұлттық қорғаныс университеті) электрондық және қағаз тасымалдағыштарда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сессия нәтижелерін талдауды ұсынады. Ұлттық қорғаныс университеті барлық әскери оқу орындарының емтихан сессиялары нәтижелеріне жалпы талдау жасайды және оны БҒД-ға ұсынады. 44. Докторанттардан кешенді емтихан қабылдау үшін Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бұйрығымен комиссия төрағасы мен құрамында төрт мүшесі болатын емтихан комиссиясы құрылады. Комиссия құрамына оның мүшелері құқығында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе ғылыми атағы бар тиісті бейіндегі адамдар кіреді. Кешенді емтихан докторлық диссертацияны қорғағанға дейін 2 айдан кешіктірілмей қабылданады. 4. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан өткізу тәртібі 45. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеге сәйкес емтихан сессиясы кезеңінде сол академиялық кезеңде өткізіледі. 46. Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен ЖӘОО бастығының орынбасарлары қатарынан ағымдағы оқу жылының 1 қарашасынан кешіктірілмей тағайындалады. 47. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін ЖӘОО күнтізбелік бір жыл мерзімге ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей Мемлекеттік емтихан комиссиясын құрады. 48. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан кестесін оқу бөлімі жасайды және оны мемлекеттік емтихан басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей ЖӘОО бастығы бекітеді. 49. Мемлекеттік емтихан комиссиясы отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауға тиіс. 50. Мемлекеттік емтихан комиссиясының отырыстары осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір курсантқа хаттамамен ресімделеді. 51. Мемлекеттік емтихан комиссиясының отырысы хаттамаларының бланкілері жеке іске тігіледі, нөмірленеді және ҚҚТ ПМЕ басталғанға дейін мөрмен бекітіледі. 52. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды дәлелді себептермен тапсырмаған курсанттарға мемлекеттік емтихан комиссиясы төрағасының шешімімен жеке график жасалады. 53. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханға жіберу үшін курсант жіберу рейтингісі бағасының кемінде 50 балын жинайды. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні үшін баға 100 балдық меже бойынша бағаланады. 54. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға жол берілмейді. Егер курсант «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан үшін 50 балдан төмен балл алса, ол оқудан шығарылуға тиіс. 55. «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижелері оны тапсыру көзделген емтихан сессиясының қорытындыларын шығару кезінде ескеріледі. 56. Мемлекеттік емтихан комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін комиссия төрағасы есеп беруді жасайды, ол ЖӘОО (факультет) оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі және Ұлттық қорғаныс университетіне екі апта мерзімде ұсынылады. Ұлттық қорғаныс университеті барлық ЖӘОО-лардың есеп берулерін қорытындылайды, талдау жүргізеді және оларды Білім және ғылым департаментіне ұсынады. 5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарында білім алушыларға қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібі § 1 параграф. Кадеттерге қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібі 57. Кадеттерге қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жүргізу үшін Кадет корпусы бастығының бұйрығымен күнтізбелік бір жыл мерзімге аттестаттау комиссиялары құрылады. Аттестаттау комиссиясы кемінде бес адамнан тұрады. 58. Ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін БҒД-ның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін әскери бөлімдер мен мекемелердің өкілдері аттестаттау комиссиясының төрағасы және оның бір мүшесі болып табылады. 59. Аттестаттау комиссиясы отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауға тиіс. 60. Кадеттерді қорытынды аттестаттау жұмыстық оқу жоспарында және академиялық күнтізбеде көзделген мерзімдерде өткізіледі. Аттестаттау комиссиясы төрағасының шешімімен кадеттерге қорытынды аттестаттауды жеке график бойынша тапсыруға жол беріледі. 61. Оқу бөлімі аттестаттау комиссиясына мынадай құжаттарды: кадеттерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы Кадет корпусы бастығының бұйрығынан үзінді көшірмені; жұмыстық оқу жоспарының пәндері бойынша пәннің бағасын; кәсіптік практика мен тағылымдама үшін бағаларды; оқу бағдарламасына сәйкес қорытынды емтихандарға шығарылатын сұрақтар тізбесін; Кадет корпусының бастығы бекіткен және тиісті циклдің бастығы қол қойған емтихан билеттерінің жиынтығын ұсынады. 62. Кадеттерді қорытынды аттестаттау 100 балдық меже бойынша бағаланатын арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар тапсыру нысанында өткізіледі. 63. Қорытынды емтихандар тиісті цикл әзірлеген, педагогикалық кеңесте қаралған, тапсырыс берушімен келісілген және Кадет корпусының бастығы бекіткен бағдарламалар бойынша өткізіледі. 64. Қорытынды емтихан өткізу нысаны мен пәндер тізбесін педагогикалық кеңес айқындайды. 65. Дайындыққа және жауап беруге арналған уақыт қорытынды емтихан бағдарламасымен айқындалады. 66. Қорытынды емтихан бойынша 50 балдан төмен алған кадеттер аттестаттау комиссиясы төрағасының шешімімен бір рет жеке график бойынша қайта тапсыруға жіберіледі. 67. Қорытынды емтиханды қайта тапсырған кезде 50 балдан төмен алған кадетке «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша оқытудың толық курсын бітіргені туралы анықтама беріледі. 68. Аттестаттау комиссиясының отырысы аттестаттау комиссиясының мүшелері қол қоятын тиісті хаттамамен ресімделеді. 69. Жұмыстық оқу жоспарының барлық пәндерінің кемінде 75 %-ы бойынша емтихандарды «А», «А-» деген бағалармен, ал қалған пәндер бойынша – «В+», «В», «В-» деген бағалармен тапсырған және барлық оқу кезеңі ішінде емтихандарды қайта тапсырмаған кадеттерге аттестаттау комиссиясының шешімімен үздік диплом беріледі. 70. Жұмыстық оқу жоспарының барлық пәндерінің кемінде 90 %-ы бойынша емтихандарды – «А», «А-» деген бағалармен, ал қалған пәндер бойынша «В+», «В», «В-» деген бағалармен тапсырған және барлық оқу кезеңі ішінде емтихандарды қайта тапсырмаған кадеттерге аттестаттау комиссиясының шешімімен үздік диплом беріледі, Кадет корпусының Құрмет тақтасына фотосуретін ілумен «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісі беріледі. «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісімен Кадет корпусын бітірген кадеттер қызмет орнын таңдауда басым құқықты пайдаланады. 71. Қорытынды емтихандар нәтижелері негізінде аттестаттау комиссиясы тиісті біліктілікті беру және мемлекеттік үлгідегі дипломды беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 72. Қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін аттестаттау комиссиясының төрағасы екі апта мерзімде есеп беруді жасайды, онда: кадеттердің даярлық деңгейі мен білім сипаттамасы; оқу пәндерінің жекелеген мәселелері бойынша кадеттерді даярлаудағы кемшіліктер; кәсіпқой-сержанттарды даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі. 73. Жұмыс аяқталғаннан кейін аттестаттау комиссиясының төрағасы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беруді жасайды, ол Кадет корпусы педагогикалық кеңесінің отырысында талқыланады және екі апта мерзімде Ұлттық қорғаныс университетіне ұсынылады. Ұлттық қорғаныс университеті есеп беруге талдау жүргізеді және оны екі апта мерзімде БҒД-ға ұсынады. § 2 параграф. Курсанттарға қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібі 74. Курсанттарға әрбір біліктілік бойынша қорытынды аттестаттау жүргізу үшін ағымдағы жылғы бірінші маусымға дейін ЖӘОО бастығының бұйрығымен күнтізбелік бір жыл мерзімге кемінде бес адамнан тұратын мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – МАК) құрылады. 75. Әрбір МАК-тың төрағалары және бір мүшесі ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін БҒД-ның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітілетін әскери бөлімдер мен мекемелердің өкілдері болып табылады. Бір адамды бірнеше МАК құрамында тағайындауға жол беріледі. 76. Курсанттарды қорытынды аттестаттау жұмыстық оқу жоспарында белгіленген нысандар бойынша жүргізіледі. Қорытынды аттестаттаудың ұзақтығы мен мерзімдері академиялық күнтізбемен айқындалады. Қорытынды аттестаттауды МАК төрағасының шешімі негізінде жеке график бойынша жүргізуге жол беріледі. 77. Курсанттар жұмыстық оқу жоспарына сәйкес 100 балдық меже бойынша бағаланатын кешенді мемлекеттік емтихандарды тапсырады және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғайды. 78. ЖӘОО оқу-әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау орнына базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша екі мемлекеттік емтиханды тапсыруға жол беріледі. 79. Кешенді мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі тапсырыс берушімен келісу бойынша факультет оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітіледі. 80. Теориялық оқытудың, кәсіптік практиканың және әскери тағылымдаманың толық курсынан өткен курсанттар ол басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей ЖӘОО бастығының бұйрығымен қорытынды аттестаттауға жіберіледі. 81. Оқу бөлімі МАК-қа мынадай құжаттарды: курсанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы ЖӘОО бастығының бұйрығынан үзінді көшірмені; жұмыс оқу жоспарының пәндері бойынша пәннің бағасын; кәсіптік практика мен әскери тағылымдама үшін бағаларды; кешенді мемлекеттік емтихан мен мемлекеттік емтиханға шығарылатын сұрақтар тізбесін; ЖӘОО бастығы бекіткен және тиісті факультет бастығы қол қойған емтихан билеттерінің жиынтықтарын; кешенді мемлекеттік емтихан мен мемлекеттік емтиханда пайдалану үшін көрнекі құралдар мен анықтамалық сипаттағы материалдар тізбесін ұсынады. 82. МАК-тың құзыретіне: 1) бітірушілердің теориялық және практикалық даярлығының біліктілік талаптарына сәйкес келуі деңгейін тексеру; 2) тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін беру, біліктілікті беру және жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломды беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдау; 3) мамандарды даярлау сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу кіреді. 83. Оқу бөлімі МАК жұмысының кестесін жасайды, оны ЖӘОО бастығы бекітеді және ол МАК жұмысы басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей жалпы мәліметке жеткізіледі. 84. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік емтихан тапсыруға күніне 15-тен аспайтын, ал дипломдық жұмысты қорғауға – 10-нан аспайтын адам жіберіледі. 85. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберу және оны қорғау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі. 86. Дипломдық жұмысты (жобаны) плагиат мәніне тексеру тәртібін ЖӘОО дербес айқындайды. 87. Әрбір курсантқа дипломдық жұмыстың (жобаның) жетекшісі бекітіліп беріледі және тақырыпты көрсете отырып, ЖӘОО бастығының бұйрығымен бекітіледі. 88. Дипломдық жұмыстардың тақырыбы ағымдағы оқу жылы басталғаннан кейін бір ай ішінде факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралады, тапсырыс берушімен келісіледі, оны ЖӘОО бастығы бекітеді және Білім және ғылым департаментіне жолданады. 89. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялауды тапсырыс беруші тарапынан әскери бөлімдер мен ұйымдардың немесе біліктілігі қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбына сәйкес келетін өкілдері жүзеге асырады. Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттерін Білім және ғылым департаментінің бастығы бекітеді. 90. Мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтихан екі және одан астам силлабус негізінде ЖӘОО әзірлеген бағдарлама бойынша өткізіледі. Мамандық бойынша кешенді мемлекеттік емтиханның және бейіндік және/немесе базалық пәндер бойынша мемлекеттік емтиханның бағдарламалары ағымдағы жылғы бірінші желтоқсанға дейін факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралады, ол тапсырыс берушімен келісіледі және ЖӘОО бастығы бекітеді. 91. Кешенді мемлекеттік емтиханға және мемлекеттік емтиханға шығарылатын сұрақтар тізбелері факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қаралады, оны ЖӘОО бастығы бекітеді және ағымдағы жылғы бірінші қаңтарға дейін курсанттарға жеткізіледі. 92. Кешенді мемлекеттік емтиханның және мемлекеттік емтиханның емтихан билеттері тиісті сұрақтар тізбесі негізінде жасалады, бұл ретте емтихан билеттері жиынтықтарының саны оқу топтарының санына сәйкес келуге тиіс. Әрбір емтихан билеті 3-5 сұрақтан тұрады, оның 1-2-еуі практикалық сұрақтар. Емтихан билетінің бір жиынтығындағы сұрақтар қайталанбайды. Бір жиынтығындағы емтихан билеттерінің саны топтағы білім алушылар санынан 20 %-ға артық болады. Емтихан билеттерінің мазмұны курсанттарға алдын ала жеткізілмейді, оларды қайта пайдалануға жол берілмейді. 93. МАК отырыстары әр курсантқа осы Қағидаларға 11-13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді. 94. Шешім қабылдау үшін кворум төрағаны қоса алғанда, МАК құрамының кемінде 2/3 бөлігін құрайды. 95. Кешенді мемлекеттік емтихан, мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері оларды өткізген күні МАК отырысының хаттамаларына қол қойылғаннан кейін жарияланады. 96. МАК шешімі жабық отырыста ашық дауыс берумен, қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар саны тең болған кезде МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Қорытынды аттестаттаудан өткен курсантқа МАК шешімімен біліктілік берумен тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесі және қосымшасы бар мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. 97. Кешенді мемлекеттік емтиханды, мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғау рұқсат етілмейді. Кешенді мемлекеттік емтиханда немесе мемлекеттік емтиханда немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауда 50 балдан аз алған курсанттар оқудан шығарылуға тиіс. 98. Курсант дипломының қосымшасы қорытынды аттестаттау нәтижелеріне, пән бойынша алған бағаларына, курстық жұмыстары (жобалары) бойынша, кредиттер мен академиялық сағаттар көлемін көрсете отырып, кәсіптік практика мен тағылымдама түрлері бойынша бағаларына сәйкес толтырылады. 99. Барлық емтихандар мен қорғауларда «А», «А-», «В+», «В», «В-» бағаларын алған, барлық оқу кезеңі үшін үлгерімінің орташа балы 3,5-тен төмен емес және барлық оқу кезеңінде емтихандарды қайта тапсыру болмаған, сондай-ақ қорытынды аттестаттауды «А», «А-» бағаларына тапсырған курсанттарға МАК шешімімен мемлекеттік үлгідегі үздік диплом беріледі. 100. Барлық емтихандар мен қорғауларда «А», «А-» бағаларын алған, барлық оқу кезеңі үшін үлгерімінің орташа балы 3,7-ден төмен емес және барлық оқу кезеңінде емтихандарды қайта тапсыру болмаған, сондай-ақ қорытынды аттестаттауды «А», «А-» бағаларына тапсырған курсанттарға МАК шешімімен үздік диплом беріледі, суретін ЖӘОО-ның Құрмет тақтасына ілумен «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісі беріледі. ЖӘОО-ны «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төсбелгісімен бітірген курсанттар қызмет орнын таңдауда басым құқықты пайдаланады. 101. Жұмыстың аяқталуы бойынша МАК төрағасы осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп беруді жасайды, ол ЖӘОО-ның оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланады және екі апта мерзім ішінде Ұлттық қорғаныс университетіне ұсынылады. Ұлттық қорғаныс университеті барлық ЖӘОО-лардың есеп берулерін қорытындылайды, талдау жүргізеді және екі апта мерзімінде БҒД-ға ұсынады. 102. Дипломдық жұмыс (жоба) алдынала қорғау рәсімінен өту үшін оқуды бітіртіп шығаратын кафедраға ұсынылады. 103. Дипломдық жұмысты алдын ала қорғау рәсімі курсанттардың және жетекшісінің қатысуымен кафедраның ашық отырысында өткізіледі. Алдын ала қорғау кафедрасы отырысының хаттамасымен ресімделеді. 104. Алдын ала қорғаудан табысты өткен дипломдық жұмысқа курсант қол қояды және жетекшісіне ұсынады. Жетекші пікірді және курсантты қорғауға жіберу туралы қорытындыны дайындайды. Жетекші теріс қорытынды берген кезде курсант қорғауға жіберілмейді. 105. Оқуды бітіртіп шығаратын кафедра қорғауға ұсынған дипломдық жұмыс рецензияға тапсырылады. 106. Рецензент дипломдық жұмысқа жазбаша рецензия ұсынады, онда зерттелген тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы мен іс жүзіндегі маңыздылығы, дипломдық зерттеу тақырыбының маман даярлау бейініне, берілетін академиялық дәреже мен берілетін біліктілікке сәйкес келуі, зерттеуді дербес жүргізгені, қорытындылар мен ұсыныстардың болуы, проблеманы шешу мен зерттеудің аяқталу деңгейі көрсетіледі. Рецензияда балдық-рейтингілік жүйе бойынша бағасы және тиісті академиялық дәреже мен біліктілікті беру мүмкіндігі көрсетілген қорытынды беріледі. 107. Ғылыми жетекші қорғауға жіберген, бірақ рецензент F «қанағаттанарлықсыз» бағасымен бағалаған дипломдық жұмыс жалпы шарттарда қорғалады. 108. Факультет бастығы қорғауға дейін бес күн бұрын кешіктірмей оқуды бітіртіп шығару кафедрасының бастығын және диплом жазған курсантты рецензиямен таныстырады және пікірмен және рецензиясымен бірге дипломдық жұмысты қорғау үшін МАК-қа жолдайды. МАК-қа сонымен қатар орындалған дипломдық жұмыстың ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын материалдар, ресми емес сын-пікірлер, дипломдық жұмыстың (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жазбаша қорытындылары, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, материалдардың, бұйымдардың үлгілері және т.б. ұсынылады. 109. Дипломдық жұмысты қорғау курсанттың қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде өткізіледі. Курсант кафедраның ұсынысы бойынша шет тілінің бірінде дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұнын қосымша ұсынуына болады, ол қорғауда жарияланады. 110. Дипломдық жұмысты қорғау электрондық ресурстарды пайдаланумен мультимедиялық презентация түрінде жүзеге асырылады. 111. Дипломдық жұмысты қорғау МАК-тың ашық отырысында өткізіледі. МАК жұмысына оның мүшелерінің кемінде 2/3 (үштен екі) бөлігі қатысқан, отырысқа комиссия төрағасы қатысқан МАК отырысы заңды болып саналады. 112. Дипломдық жұмысты қорғау курсанттардың, оқуды бітіртіп шығару кафедрасы оқытушыларының қатысуымен жария түрде ұйымдастырылады. Қорғауға базасында дипломдық зерттеу жүргізілген ұйымның басшысы, өкілдері және басқа да мүдделі адамдар шақырылуы мүмкін. 113. Бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы бір курсантқа 30 минуттан аспайды. 114. Дипломдық жұмысты қорғау үшін курсант МАК алдында баяндаумен кемінде 15 минут сөз сөйлейді. 115. Қажет болған кезде дипломдық жұмысты талқылауға сұрақ қою немесе сөз сөйлеу түрінде барлық қатысушылар қатысады. 116. Дипломдық жұмысты талқылағаннан кейін комиссия хатшысы пікір (жетекші қатысқан жағдайда өзі жеке сөз сөйлейді) мен рецензияны оқиды. Пікірде және/немесе рецензияда ескертулер болған кезде оны курсант түсіндіреді. 117. Дипломдық жұмысқа баға қою кезінде теориялық, ғылыми және практикалық дайындығының деңгейі, жетекшісінің пікірі және рецензенттің бағасы назарға алынады. § 3 параграф. Магистранттарды қорытынды аттетаттаудан өткізу тәртібі 118. Әрбір біліктілік бойынша магистранттарды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін ағымдағы жылғы бірінші мамырға дейін Ұлттық қорғаныс университеті бастығының бұйрығымен бір күнтізбелік жыл мерзіміне МАК құрылады, ол кемінде жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бес адамнан тұрады. 119. Әрбір МАК-тың төрағасы мен бір мүшесі сыртқы өкілдер болып табылады, олар ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейін Білім және ғылым департаментінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бекітіледі. Бір адамды бірнеше МАК құрамына тағайындауға рұқсат етіледі. 120. Магистранттарды қорытынды аттестаттау жұмыстық оқу жоспарында белгіленген нысандар бойынша жүргізіледі. Қорытынды аттестаттау ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбе бойынша айқындалады. Қорытынды аттестаттауды МАК төрағасының шешімі